Там 26, 2021 14:13 Asia/Almaty
  • Он үшінші үкімет имам Хомейнидің (р) армандарына адалдығын жариялады

Он үшінші үкіметтің мүшелері Иран ислам республикасының негізін қалаушының кесенесінде имам Хомейнидің (р) армандары мен ислам революциясының мақсаттарына адалдықтарын жариялады.

ИИР Президенті Раиси мен оның үкімет мүшелері бүгін, бейсенбі үкімет апталығы және жаңа үкімет жұмысының басталуымен бір мезгілде Иран ислам республикасының негізін қалаушының кесенесінде имам Хомейнидің (р) армандары мен ислам революциясының мақсаттарына адалдықтарын жариялады.

Он үшінші үкімет мүшелерінің біліктілігін тексеру және сенім дауысын беру жиналысы кеше, сәрсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде аяқталды. Ұсынылған 19 үміткерден тек Білім және тәрбие министрі ғана Мәжілістен сенім дауысын ала алмады.  

Тегтер