Раиси: Әділеттікті сақтауға ниеттіміз
Иран Президенті: «Халық мемлекеттің дамып, әділеттік орнап жатқанын сезінуі керек»,-деді.
Раиси бүгін, бейсенбі күні он үшінші үкіметтің алғашқы жиналысында: «Кейбір салаларда қатты артта қалғанбыз. Соның есесін қайтаруымыз керек»,-деді.
Иран Президенті «велаяте-е факих» – исламдық басқару жүйесінде тығырықтың жоқтығын айтып: «Қазір Ислам революциясының жетекшісі елдің барлық салаларынан хабардар. Осы аралықта тығырыққа түспеу үшін тиісті механизмдер жасалған»,-деді.
Раиси: «Халық мемлекеттің дамып, әділеттік орнап жатқанын сезінуі керек. Әділеттіктің жай ғана сөз емес екенін білуі керек»,-деді.
Иран Президенті: «Министрлер қиыншылық туындамау үшін жемқорларды тануы тиіс»,-деді.
Раиси: «Қысқа уақыт ішінде елде вакцинация мәселесін шешіп, денсаулықты кепілдендіру керек»,-деді.
Иран Президенті: «Коронавируспен күресуге қатысты шаралар жақсы болды, бірақ жеткілікті емес. Еселене әрекет етуді қажет етеді»,-деп еске алды.
Раиси: «Әділеттіктің ең жоғары критерийі – заңды орындау»,-деді.