Раиси: Көршілердің қауіпсіздігін өз қауіпсіздігіміз санаймыз
(last modified Sun, 05 Sep 2021 09:03:03 GMT )
Қыр 05, 2021 15:03 Asia/Almaty
  • Раиси: Көршілердің қауіпсіздігін өз қауіпсіздігіміз санаймыз

Иран Президенті тікелей эфирде халықпен алғашқы сұхбатында ИИР-ның көршілердің қауіпсіздігін өз қауіпсіздігі санайтынын айтып:

«Осы күнге дейін түрлі елдердің басшыларымен 50-ден аса кездесу мен сұхбат өткіздім. Осы сұхбаттарда әлем елдерімен әріптестікті кеңейту қажеттігі айтылды»,-деп еске салды.

Ибраһим Раиси Ауғанстандағы соңғы өзгерістерге тоқталып: «Бұл елдегі дағдарыстың шешім жолы – халық дауысы негізінде үкімет құру және халықтың ерік-жігерін ескеріп ел басқару»,-деді.

Ибраһим Раиси ядролық келіссөздер туралы: «Диалог пен келіссөз – бір дипломатиялық құрал. Иран бұдан қорықпайды, бірақ Батыс елдері мен АҚШ келіссөз бен қысымды қатар алып жүргісі келеді»,-деді.

Иран Президенті Теһран үкіметіне қысым жасаудың ешқашан нәтиже бермегенін, Батыс елдері мұны сан рет тәжірибеден өткізенін айтып: «Қысым және қоқан-лоққымен қоса жүретін келіссөзді қабылдамаймыз»,-деді.