Әлемдегі ең қымбат үй Теһранда орналасқан!
Қыр 09, 2021 15:36 Asia/Almaty
Бір үй 20 ғасырдың 40 жылдарынан қалған тарихи әрі бағалы заттардың болуына байланысты әлемдегі ең қымбат үй деп танылған.
Бұл тарихи үй Насыреддин шах Қаджар заманында өмір сүрген Эхтесаб ул-Молк Шаһрдардың кіші ұлы Мохсен Мұқаддамға тиесілі. Мохсен бала кезінен сурет өнеріне қатты қызыққан. Камал ул-Молктың мектебінде сурет салуды үйренген. Тіпті Камал ул-Молктың дәріс беру сыныбы бейнеленген танымал картинасында Мохсен Мұқаддам салынған. Ол алғашқы ирандық археологтардың бірі болды. Өзінің археолог ұстаздарымен бірге тарихи төбелерде қазба жұмыстарымен айналысқан.
Тегтер