Раиси: Су мәселесін шешу үшін қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламалар қарастарылған
https://itolqyn.com/news/iran-i55162
Иран Президенті: «Су мәселесі – елдің көптеген облысында бар қиыншылық. Он үшінші үкіметте осы мәселені шешумен айналысамыз»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 10, 2021 19:35 Asia/Almaty

Иран Президенті: «Су мәселесі – елдің көптеген облысында бар қиыншылық. Он үшінші үкіметте осы мәселені шешумен айналысамыз»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси жұма күні Солтүстік Хорасан облысының Табас ауданында сөйлеген сөзінде : «Қысқа және ұзақ мерзімді шешім жолдары, соның ішінде Оман теңізінен су тасымалдау сияқты шараларды күн тәртібіне қойып отырмыз. Сонда халықтың су көздеріне қолжетімділік мәселесі шешіледі»,-деді.

Раиси: «Кен орындары – осы облыстың құнды қоры. Егер олар іске қосылса, жұмыспен қамту, өндірісті дамыту және басқа да экономикалық мәселелер шешіледі»,-деді.