Гүлістанның асыл тасы Рамианға сапар
Қыр 11, 2021 22:09 Asia/Almaty
Гүлістанның асыл тасы Рамиан туристік аймағы Горган қаласынан 76 км жерде орналасқан.
Бұл туристік аймақ Теһраннан 487 км қашықтықта орналасқан. Ол жабайы жылқылар мекені деген атпен де танымал. Рамианның жап-жасыл орманы тұманды биіктіктерімен қоса, соны да қияли панорама тудырып, жыл сайын отандық жəне шетелдік туристердің көптеп келуіне себеп болды.
Рамиан тарихи аймағы Шығыс Альборз тауларының ортасында орналасып, сарқырамалар мен бұлақтардың көп болуына байланысты əдемі панорамаға ие болғандықтан, тарих бойында парсы, араб жəне түрік билеушілердің назарында болды. Бұл аймақ жыл сайын жылдың жылы мезгілінде туристерді көптеп қабылдайды.
Тегтер