Саведегі «Хакім» сарайы – өткенге сапар
(last modified Sun, 12 Sep 2021 15:32:22 GMT )
Қыр 12, 2021 21:32 Asia/Almaty

Бір күндері Саве мен Зарандиенің басқарма үйі болған сарай немесе «Хакім» ғимараты – Орталық облысындағы Саве ауданының Абдулла қамалындағы ең көне әрі маңызды ғимараттардың бірі.

Ғимарат Тимурилер заманында Ильханилер дәуіріне тиесілі сәулет стилімен салынған. Сефевилер, Қаджарлар және Пехлеви кезеңдерінде ғимаратқа түрлі бөліктер қосылып, қазір толық жөндеуден өтті.