Ирак Премьер-министрі Мешхедке барды
Қыр 13, 2021 14:55 Asia/Almaty
Ирак Премьер-министрі имам Резаның (ғ.) кесенесін зиярат ету мақсатында дүйсенбі күні таңертең Мешхед қаласына барды.
Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи мен оның жанындағы жоғары лауазымды саяси-экономикалық делегация мінген ұшақ түнгі сағат 03:00-те Мешхедтің шәһид Хашеминежад атындағы әуежайына қонып, Хорасан-е Разави облысының әкімінің ресми қарсы алу рәсімінен кейін әл-Каземи имам Резаның (ғ.) кесенесін зиярат етуге барды.
Ирак Премьер-министрі кеше, жексенбі күні Теһранға келіп, ИИР президенті тарапынан ресми түрде қарсы алынғаннан кейін екі елдің жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысына қатысты.
Тегтер