Амир Абдуллахиан: АҚШ Ауғанстандағы тұрақсыздықтың себебі
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-ты Ауғанстандағы тұрақсыздықтың себебі деп тапты.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хұсейн Амир Абдуллахиан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің төрағалығымен өткен «Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай» деп атанған виртуалды отырыста америкалықтардың Ауғанстанды басып алған жылдары және әлем куә болған Кабул әуежайындағы көріністерді еске салып, бұл елден шыққан кезде апат туғызғанына тоқталып, бұл кездесудің жолдауын екі саяси және гуманитарлық тұрғыдан қарастырды. Ол: «Саяси деңгейде біз Ауғанстанға қауіпсіз, тұрақты және дамыған елдің барлық тараптардан құралған инклюзивті ұлттық үкіметті құру арқылы ғана қалыптасатыны туралы хабарламаны жеткізуіміз керек»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Иранның гуманитарлық көзқарасы туралы: «Біз гуманитарлық тұрғыдан Ауғанстан халқы, әйелдері мен балалары соңғы жылдары және соңғы апталарда аянышты жағдаймен бетпе -бет келіп отыр, сондықтан халықаралық қауымдастық бұл елге жедел және шұғыл гуманитарлық көмек жіберуге міндетті деп ойлаймыз»,- деп мәлімдеді.