Генерал-майор Салами: Қорғаныс өнеркәсібі - елдердің өнеркəсібі мен технологиясын алға сүйрейтін күш
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы қорғаныс өнеркәсібін дамытуды елдердің, соның ішінде Иранның өнеркəсібі мен технологиясын алға сүйрейтін күш деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами Ислам революциясы Сақшылар корпусының өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында жасаған стратегиялық залалсыздандыру құралдары көрмесінің ашылу рәсімінде: "Исламдық Иран түрлі кезеңдерде қиындықтардан, дұшпанның қатерлі де зарарлы жоспарларынан өтіп, кедергілерді артқа тастап, өз қажетін өтейтінін, дұшпанға бас иіп, иек артпайтынын дәлелдеді.
Генерал-майор Салами: "Барлық қиыншылықтар қоғам ішінде біздің сана-сезіміміз, наным-сенімдеріміз бен өз-өзімізге сенімнің арқасында шешіледі. Бұл біздің революциямыздағы бір мәдениет, сенім, ақиқат пен ағым негізінде орын алып жатыр. Қазіргі таңда жетістіктердің күн сайын жаңарып жатқанын көріп отырмыз. Тоқтамай ілгерілей береміз",-деді.