Иран Сыртқы істер министрі Сирияға сапар шекті
Қаз 09, 2021 16:25 Asia/Almaty
ИИР-ның Сыртқы істер министрі сириялық әріптесінің ресми қарсы алуымен Дамаскіге келді.
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан бүгін, сенбі күні Дамаскіге келді, оны Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Мекдад қарсы алды. Амир Абдуллахиан бұған дейін Ливан мен Ресейге барып, сол елдердің басшыларымен кездесті.
Амир Абдуллахиан мен Фейсал әл-Меқдад Дамаск әуежайынан Сирия Сыртқы істер министрлігіне аттанып, аймақ пен әлемдегі соңғы оқиғалар мен екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты талқылады. Сирия Президенті Башар Асадпен кездесу - Иран Сыртқы істер министрінің бір күндік сапары кезіндегі бағдарламаларының бірі.
Тегтер