Қаз 12, 2021 18:27 Asia/Almaty
  • Иранға коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасы енгізілді

Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы елге коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасының келгенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Карим Хеммати: «Қызыл жарты ай қоғамы дайындаған коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасы бар 25-ші партиясы, бүгін сейсенбі күні «Имам Хомейни» әуежайында Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды. 7 айдан бері бұл ұйым елге 64 миллион 390 мың доза вакцина импорттады. Бейсенбіде келетін тағы бір жөнелтілімді ескерсек, бұл мөлшер 70 миллион 390 мың дозаға жетеді»,- деді.

 

Тегтер