Рухани: Иран халқы ислам мен Иранға үрке қарау үдерісін залалсыздандырды
ИИР президенті "Иранның ұлы халқы ірі алпауыт елдер мен сионизмнің ислам мен Иранға үрке қарау үдерісін залалсыздандырды" деді.
Иранның «Хабар» арнасының ақпарат торабының мәліметі бойынша, ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранның шығысында орналасқан Семнан облысының халқы алдында сөйлеген сөзінде: "Иран халқы санкцияның барлық қысымдары мен аймақтық және халықаралық қиыншылықтарды жеңе білді" деді.
ИИР президенті Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімі және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуы туралы: «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы Иран халқы үшін саяси және құқықтық мақтаныш болып табылады. Ядролық келісіммен Қауіпсіздік Кеңесінің алты қарары мен Басқарма Кеңесінің Иран Ислам Республикасына қарсы қабылданған 12 қарарының бірінен соң бірінің күші жойылды. Санкцияның шынжыры үзіліп, бүгінде Иранмен әлемдік банктердің арасында байланыстар орнатылып жатыр. Бұған қоса қайта құрудың уақыт қажет ететіндігін естен шығармау керек. Бүгін ирандық экспорттаушылар үшін жол ашылған, алайда шетелдік қаржыгерлердің Иранға келуі біраз кешеуілдейді" деді.
ИИР президенті өзінің облыстық сапарларының жалғасында бүгін сейсенбі күні Семнан облысына келді.