Көршілес елдердің қауіпсіздігі Ауғанстанның қауіпсіздігімен байланысты
(last modified Wed, 27 Oct 2021 12:44:14 GMT )
Қаз 27, 2021 18:44 Asia/Almaty

ИИР Вице-президенті көршілес елдердің қауіпсіздігі Ауғанстанның қауіпсіздігімен байланысты екенін қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Мохбер сәрсенбі күні Ауғанстанға көршіліес елдердің Теһрандағы отырысында: «Ауғанстанға көршілес елдердің бұл елмен терең тарихи және мәдени байланысы бар және осы тұрғыдан алғанда, Ауғанстан мен оның көршілері арасында Орталық және Оңтүстік Азиядағы қауіпсіздікті, тұрақтылық пен бейбітшілікті байланыстыратын өзіндік табиғат пен тағдыр бар деп айтуға болады»,- деді. Иран Вице-президенті Ауғанстан халқының қырық жылдан астам тұрақсыздықты, қауіпсіздікті, соғыс пен қантөгісті бастан кешіп жатқанын еске салып: «АҚШ-тың Ауғанстанды 20 жыл бойы басып алуы ауған халқына тынышсыздықтың, экстремизмнің, лаңкестіктің күшеюінен және экономикалық артта қалудан басқа ешқандай әсер еткен жоқ»,- деп баса айтты. Мохбер бүгінгі таңда Ауғанстанның көптеген гуманитарлық, қауіпсіздік және экономикалық дағдарыстарға тап болып отырғанын атап өтіп: «Тәкфирлік лаңкестік, соның ішінде ДАИШ аймақтағы АҚШ-тың сенімді күші ретінде ауған халқының қауіпсіздігін нысанаға алуда»,- деді.