Үстемшілдіктің бүгінгі әрекетінің тынышсыздық тудырудан басқа мақсаты жоқ
Теһран жұма намазының имамы үстемшілдіктің бүгінгі әрекетінің тынышсыздық тудырудан басқа мақсатының жоқ екенін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейед Мұхаммад Хасан Абутурабифард жұма күні Теһранда саяси-діни намаз уағыздарында ДАИШ-ты үстемшілдікті тудыратын топтардың мысалы ретінде атап: «Үстемшілдік елдердің, әсіресе мұсылман елдерінің заңды мүдделерін қамтамасыз етпейді. Үстемшілдіктің бүгінгі әрекеті хазірет Әлидің (ғ.с.) заманындағы Муавиенің әрекеті сынды, оның тынышсыздықтан басқа мақсаты жоқ»,- деді. Абутурабифард жүйе құру және мемлекет құру діни ойларға негізделуіне тоқталып: «Құрандағы және Пайғамбардың өмірбаянындағы жүздеген құжаттар илаһи пайғамбарлардың, әсіресе Алла елшісінің (с.ғ.с.) мемлекет пен саяси жүйе құру және адамды тәрбиелеу жолына түскенін көрсетеді»,- деп мәлімдеді.