Қар 01, 2021 00:07 Asia/Almaty
  • Горганда дарынды қазақ жастары марапатталды

Горганда дарынды қазақ жастарын марапаттау рәсімі өтті.

Кеше Иранның солтүстігіндегі Горганда «Һамйаран» ирандық қазақтар тобының ұйымдастыруымен «Тизһушан» (Зерек балалар) мектептерін бітіріп,  ЖОО-ға түсуге арналған жалпыұлттық конкурсқа қатысып, жоғары орын алған 19 қазақ баласын құттықтау рәсімі өтті.

Дарынды қазақ баласы Ерфан Көрпе аталмыш конкурста 3-орын алды.  

Рәсімге Қазақстан республикасының Горгандағы бас консулы, Горган қаласының мәслихат депутаты, жергілікті лауазымды тұлғалар мен қазақ қауымы қатысты.  

Тегтер