Қар 04, 2021 18:28 Asia/Almaty

Иранның Ұлттық шафран кеңесінің басшысы осы өнімнің 60 елге экспортталатынын хабарлады.

Мохсен Ехтешам: "Шамси жыл санағы бойынша 1400 жылдың алғашқы жартысында (наурыз-тамыз) Иран шафраны шамамен 60 елге жіберілді. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 25 пайызға артты. Өткен жылы 47 елге экспортталған болатын",-деді.

Иранның Ұлттық шафран кеңесінің басшысы: "Өткен 6 айда құны 47 млн доллар тұратын 95708 кг шафран Ираннан шетел нарығына шығарылды",-деді.

Әлем бойынша шафранның 90 пайыздан астамы Иранда өндіріледі.

Тегтер