Қар 16, 2021 16:42 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың Кубада жалпыұлттық тәртіпсіздіктер ұйымдастыру жоспарының сәтсіздігіне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «АҚШ-тың Кубада жалпыұлттық тәртіпсіздіктер бастау жоспарының орындалмауы Куба халқы мен үкіметінің бірлігіне байланысты»,- деп мәлімдеді.

Саид Хатибзаде сейсенбі күні АҚШ-тың тәуелсіз және азат талап етуші елдердің, соның ішінде Кубаның ішкі істеріне ашық араласуын айыптады. Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: «Иран АҚШ-тың заңсыз санкцияларын Кубаның қазіргі өмір сүруі мен экономикалық қиындықтарының негізгі және маңызды себебі деп санайды және оларды айыптайды. Егер АҚШ-тың Куба халқын қолдаймыз дегені рас болса, Кубаға қарсы алпыс жылдан астам уақытқа созылған заңсыз экономикалық-қаржылық санкцияларын тоқтасын»,- деді.

 

Тегтер