Аятолла Хатами: Иран халқы барлық санкцияларды жоюдан басқаға көнбейді
(last modified Fri, 03 Dec 2021 17:48:45 GMT )
Жел 03, 2021 23:48 Asia/Almaty
  • Аятолла Хатами: Иран халқы барлық санкцияларды жоюдан басқаға көнбейді

Теһран жұма намазының құтпагері: "Иран халқы барлық санкцияларды жоюдан басқаға көнбейді",-деп баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері аятолла сейіт Ахмед Хатами тəжірибелі делегацияның Венаға аттанғанын айтып: "Иран делегациясы - ержүрек халықтың өкілі. Олар қасық қаны қалғанша өз арман-мақсаттарын қорғайды жəне барлық санкцияларды жоюдан басқаға көнбейді",-деді.

Хатами: "Тəжірибелі делегация Венаға келіссөздер жүргізу үшін аттанды. Бұл делегация өзінің антиамерикалық ұстанымын тура баяндап, сөз жүзінде де, іс жүзінде де көрсетті",-деді.Теһран жұма намазының құтпагері он үшінші үкіметке вакцинамен қамтамасыз етіп, вакцинациялау ісін ауқымды түрде атқарғаны үшін алғыс айтты.

Хатами 10 азар сейіт Хасан Мұдаррестің шəһид болған күнін еске алып: "Марқұм Мұдаррес имам Хомейнидің  (р.) көзқарасынша ұлы тұлға болды. Имам оны сан рет мадақтады",-деді.