ИИР Президенті: Қазіргі жағдайды қалаған жағдайға өзгерту ғылым мен инновацияға негізделуі керек
(last modified Tue, 07 Dec 2021 13:38:57 GMT )
Жел 07, 2021 19:38 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті: Қазіргі жағдайды қалаған жағдайға өзгерту ғылым мен инновацияға негізделуі керек

ИИР Президенті: «Қазіргі жағдайды қалаған жағдайға өзгерту ғылым мен жаңашылдыққа негізделуі керек және бұл тұрғыда университеттер, ұстаздар мен білімді студенттер маңызды рөлге ие»,- деді.

Иран Президентінің аспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Теһрандағы Шариф технологиялық университетінің ұстаздары және технологтарымен кездесіп, белсенділер мен университет технологтарын елді байлығы атап: «Зиялы қауым мен студенттердің өрелі ойлары мен идеяларының   арқасында ғылым мен инновациямен байлық пен билікке жетіп, елімізді тұрақты дамудың даңғыл жолына түсіруге болатыны сөзсіз»,- деп бас айтты.

Иран Президенті Ибрахим Раиси 16 азар – Студенттер күніне байланысты  Теһрандағы Шариф технологиялық университетінің студенттік ұйымдарының шақыруымен бұл жоғары оқу орынның ұстаздары мен студенттерімен кездесуге қатысты.   

16 азар   ИИР-ның күнтізбесінде «Студенттер күні» деп аталды.