Қажы Әли Акбари: Келіссөздердің өзегі – санкцияларды тұтас жою
Теһран жұма намазының құтпагері: «Келіссөздердің өзегі – санкцияларды тұтас жою»,-деді.
Қажы Әли Акбари осы аптаның жұма намазы құтпаларында: «Келіссөздердің өзегі санкцияларды тұтас жою және Еуропа пен АҚШ-ты міндеттемелерін орындауға көндіру болды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы тараптар осы күнге дейін уағда бұзғандықтан, қазіргі келіссөздерде Иранның ұсынысын қабылдауы керек»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: «Иран делегациясы күш-қуатпен саяси алаңға кірді. Қарсы тарап Иранның ішкі жағдайын тұрақсыздандырып, ирандық келісімгер делегациясының зейінін бұзып, ұпай алуды көздегенімен сәттілікке қол жеткізбеді»,-деді.
Қажы Әли Акбари: «Олар уәде бұзды. Енді келіссөзді қолдауы тиіс. Келіссөздердің басты өзегі – санкцияларды біржолата жою және Еуропа пен АҚШ-ты міндеттемелерін орындауға көндіру. Олар басқа тақырыпты қозғамауы тиіс»,-деп еске салды.
Қажы Әли Акбари хазірет Фатима Захраның (с.) шәһид болған күнінің жақындап қалғанына тоқталып: «Фатима Захраны(с.) түсіндіру джиһадының негізін қалаушы деп санауымыз керек»,-деді.