Раиси: Иранның принципті саясаты – Иракта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау
Иран Президенті елдің принципті саясатын Иракта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау деп атады.
Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси бейсенбі күні Теһранда Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейнмен кездесуінде Иракта парламенттік сайлаудың тыныш әрі қауіпсіз жағдайда өткеніне қуаныш білдіріп: «ИИР әрдайым Иракта мықты Парламент пен Үкіметтің құрылғанын қолдайды»,-деді.
Раиси, сондай-ақ, АҚШ әскери күштерінің Ирактан шығарылғанына тоқталып: «Бұл –Ирак халқы мен басшыларының табанды қарсыласуының нәтижесі. Өйткені егер халық қарсылығына ұшырамаса, америкалықтар әскер кіргізген жерінен шықпайды»,-деді.
Фуад Хұсейн осы кездесуде ИИР-дің Иракта тұрақтылық пен қауіпсіздікті кесімді түрде қолдау саясатына алғыс білдіріп: «Ирак үкіметі мен халқы Теһран үкіметінің Ирактың егемендігі мен саяси тұрақтылығын қолдауына әрдайым риза»,-деді.