Велаяти: Сардар Солеймани – Ислам мен Иранның тарихи тұлғаларының бірі
(last modified Wed, 29 Dec 2021 10:48:24 GMT )
Жел 29, 2021 16:48 Asia/Almaty
  • Велаяти: Сардар Солеймани – Ислам мен Иранның тарихи тұлғаларының бірі

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Шәһид Қасем Солеймани өзінің таңғаларлық және айтып жеткізуге болмайтын әрекеттерімен, сөзсіз, Ислам мен Иранның тарихи тұлғаларының бірі болды»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Али Акбар Велаяти бүгін,  сәрсенбі күні Теһрандағы «Қажы Қасем мектебі, университет және БАҚ» атты ғылыми-зерттеу конференциясында: «Шәһид Солеймани күш-жігерімен және ақырында шәһид болуымен саяси географияда ислам әлемінің жүрегі деп аталатын аймақты ДАИШ пен шетелдік экстремистерден құтқара алды. Сардар Қасем Солеймани сияқты адамдар аймақта исламдық қозғалысты құрды және американдықтар жеңілді. Бұл жеңіліс Ислам қайта көтерілгенше жалғасады»,- деп қуаттады.