Генерал-майор Салами: Қарсыласу қозғалысы Ислам елдерінде дұшпандармен күресуде
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Қарсыласу қозғалысы барлық ислам елдерінде дұшпандарды қудалап, оларға мақсаттарына жетуге жол бермей жатыр»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами бейсенбі күні Құмда өткен сардар Қасым Солейманидің шәһид болғанына екі жыл толу және «Шаһадат пен караматтың салтанаты» деп танылған шиіттердің діни үлгілерінң бірі аятолла Месбах Яздиді еске алу рәсімінде Иран Ислам революциясының әлемнің түкпір-түкпіріне әсер ету тереңдігіне тоқталып: «Бүгінде қарсыласу қозғалысы барлық ислам елдерінде дұшпандарды қудалап, оларға мақсаттарына жетуге жол бермей жатыр. Мұндай қозғалыс туындамағанда дұшпан бүкіл ислам елдеріне шабуыл жасар еді»,-деді.
Генерал-майор Салами сардар Солейманидің тұлғасына тоқталып: «Дұшпан қажы Қасымды террорлау арқылы қарсыласу майданын әлсіретуді көздеді, бірақ олардың есептеулеріне керісінше сардар қанының арқасында қарсыласу қозғалысы одан ары нығая түсті»,-деді.