Иран әлемдегі электр станция салатын 14 елдің қатарына кіреді
(last modified Wed, 19 Jan 2022 09:47:25 GMT )
Қаң 19, 2022 15:47 Asia/Almaty
  • Иран әлемдегі электр станция салатын 14 елдің қатарына кіреді

Иранның Энергетика министрінің Ғылыми-зерттеу саласындағы орынбасары Иранның электр станция салу тұрғысынан әлемдегі ең үлкен он төрт елдің бірі болып табылатынын мәлімдеді.

Иранның Энергетика министрінің Ғылыми-зерттеу саласындағы орынбасары Анджам Шоаа: «Иранның электр қуаты саласында мамандардың талпыныстарымен үлкен қадамдар жасалып, 86 мың МВт-тан астам қуаты бар электр станциясы салынды. Электр тарату желілерінің ұзындығы 54800 км. Энергетика министрлігі 54 миллиард текше метр су сақтайтын 715 бөгетпен бірге 30 мың шақырым су тасымалдайтын желілерді басқарады»,- деді.

 

Тегтер