Раиси: Көрші елдермен қарым-қатынасты тереңдету қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады
ИИР Президенті Катар Сыртқы істер министрімен кездесуінде көрші елдер арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету қауіпсіздік факторы бола алатынын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибраһим Раиси кеше, бейсенбі күні Мұхаммад бин Абдул Рахман әл-Танимен кездесуінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, әсіресе энергетика саласында көпжақты механизмдердің маңыздылығына тоқталып: « өндіруші елдердің энергетикалық саясатындағы әріптестік пен үйлесімдікті сақтау және нығайту қажет»,- деді. Раиси Батыс Азияда шетелдіктердің болуы қауіпсіздік пен алаңдаушылықты арттыратынан тоқталып: «Шетелдіктер бұл аймақтағы халықтар мен үкіметтердің болмысын құрметтемейді және өздерін дүниенің иесі санайды. Негізінде олар үстемдік пен өздерін артық санау рухын тастап, ұлттардың болмысы мен мәдениетін мойындау керек»,- деп мәлімдеді. Катар Сыртқы істер министрі Катар Әмірінің Раисиді газ экспорттаушы елдер саммитіне қатысуға ресми шақыруын жеткізген соң: «Катар Иранмен түрлі саяси және экономикалық салаларда қарым-қатынастарын арттыру үшін бар күш-жігерін салуға бел байлады»,- деді.