Хатами: АҚШ-тың Иранға қарсы барлық санкциялары жойылуы керек
Теһранның жұма намазының имамы Вена келіссөздеріне сілтеме жасап: «АҚШ Иранға қарсы барлық санкцияларды толығымен және біржола алып тастауы керек»,- деді.
Иран студенттері ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауы бойынша, Теһранның жұма намазының имамы аятолла Сейед Ахмад Хатами бүгінгі намазының құтпасында: «АҚШ келіссөзді емес тонауды ойлайды. Олар тонауды түстерінде көріп, армандайды. Бірақ бұл ешқашан өңінде орын алмаған және келешекте өңге айналмайтын түс»,- деп сөзін жалғады. Хатами сондай-ақ Йемендегі гуманитарлық апатқа тоқталып: «Сауд Арабиясы Йеменді үздіксіз бомбалауда. Бұл қылмыстың алдында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде халықаралық исламдық ұйымдардың тұншығып, үнсіз қалғаны өкінішті»,- деп баса айтты.