Иран Президенті Ирак Премьер-министрімен телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Президенті Ирак Премьер-министрімен телефон арқылы сұхбатта: "Иран əрдайым Иракта мықты билік пен біртұтас қоғамның болуын қолдайды",-деді.
Раиси: Мұстафа Каземимен сұхбатында: "Иракта саяси құрылымдарды қалыптастыру үдерісі ұлттық келісім мен бірлікті сақтау арқылы жүзеге асырылады",-деді.Иран Президенті трансаймақтық күштер араласпаған жағдайда аймақтың барлық қиыншылықтарын шешуге болатынын айтып: "Аймақтағы қиыншылықтар - АҚШ-тың шектен тыс талап етуінің салдары. Егер олар сырттай емес, шынайы түрде аймақтан кетсе, аймақ елдері бір-біріне көмектесе отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті толық орната алады",-деді.Иран Президенті Йемен халқының тауқыметіне тоқталып: "Ирак үкіметі йемендіктердің құқығын қорғап, қоршауды жоюда аймақта көшбасшы болатынына үміт білдірді",-деді.