Раиси: Исламдық жүйе әлі күнге дейін «Шығыс та, Батыс та емес» деген ұранды ұстанады
(last modified Fri, 11 Feb 2022 13:01:54 GMT )
Ақп 11, 2022 19:01 Asia/Almaty
  • Раиси: Исламдық жүйе әлі күнге дейін «Шығыс та, Батыс та емес» деген ұранды ұстанады

ИИР Президенті: «Иран Ислам Республикасы 1357 жылғы (1977 ж.) халықтың «не шығыс, не батыс» ұранын әлі де ұстанады»,- деді.

Иран Президенті Ибраһим Раиси  22-ші баһман күнгі шеруден кейін, жұма намазы уағыздары алдында сөйлеген сөзінде, Ислам революциясының жеңісінің жылдығын құттықтап: «Ислам революциясының ұраны – бостандық, имандылық, парасаттылық, әділет, тәуелсіздік, ұлттық абырой, бауырмалдық, сонымен бірге үстемдік пен зорлық-зомбылықты қабылдамау»,- деп назар аудартты. Раиси «тәуелсіздікке ұмтылу», «азаттық іздеу», «әділдікті талап етуді» Ислам революциясының басқа айқындаушы элементтері ретінде атап өтіп, былай деді: «Бұл революция өз ішінде әділдік іздеу. Сондықтан ешқашан әділдік Ислам революциясынан бөлінбейді. Өйткені әділет талап ету, қысым  және жемқорлықпен күресу Ислам революциясының аясында институтталған».ИИР Президенті 22-баһман жолдауын «Иран халқы мен бүкіл әлемдегі барлық мазлұмдар мен мақрұмдарды  үміттендіру» және «әлемдегі залымдар мен залымдарды  үмітсіздендіру» деп атап: «Иранға көрші елдердегі исламдық ояну – илаһи хабар»,- деді.   

Тегтер