Амир Абдуллахиан Мюнхенге аттанды
Ақп 18, 2022 18:01 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 58-ші отырысына қатысу үшін Теһраннан Мюнхенге аттанды.
Мюнхен қауіпсіздік конференциясы бүгін, жұма күні басталып, әлемнің түкпір-түкпірінен ресми тұлғалар мен қауіпсіздік сарапшыларының қатысуымен үш күн бойы өтеді. Бұл кездесу биылғы жылы омикронның таралуына байланысты ел қайраткерлерінің шектеулі санының қатысуымен өтеді. Биылғы жылы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы күрделі жағдайларда сәнді Bayerischer Hof қонақүйінде өтеді. Мюнхен қауіпсіздік конференциясына әдеттегідей қатысқан 2000-нан астам қатысушының орнына биыл тек 600 қонақ қабылданады.
Тегтер