Амир Абдуллахиан Мюнхенге аттанды
https://itolqyn.com/news/iran-i59080
ИИР Сыртқы істер министрі Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 58-ші отырысына қатысу үшін Теһраннан Мюнхенге аттанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 18, 2022 18:01 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Мюнхенге аттанды

ИИР Сыртқы істер министрі Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 58-ші отырысына қатысу үшін Теһраннан Мюнхенге аттанды.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы бүгін,  жұма күні басталып, әлемнің түкпір-түкпірінен ресми тұлғалар мен қауіпсіздік сарапшыларының қатысуымен үш күн бойы өтеді. Бұл кездесу биылғы жылы омикронның таралуына байланысты ел қайраткерлерінің шектеулі санының қатысуымен өтеді. Биылғы жылы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы күрделі жағдайларда сәнді Bayerischer Hof қонақүйінде өтеді. Мюнхен қауіпсіздік конференциясына әдеттегідей қатысқан 2000-нан астам қатысушының орнына биыл тек 600 қонақ қабылданады.