Раиси: Иран мен Катар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге шынайы ниет бар
ИИР Президенті Катарда тұратын ирандықтармен кездесуінде: «Иран мен Катар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту үшін шынайы ниет бар»,- деп баса айтты.
Раиси дүйсенбі күні кешке Катарда тұратын ирандықтармен кездесуінде аймақ халқының қарым-қатынасының олардың ортақ сенімдері мен мәдениеттерінен бастау алатынына тоқталып: «Бұл өлкеде дін атынан қалыптасқан өркениет пен мәдениет – үлкен байлық. Оны қашанда нығайтуға талпыну керек және цифрлық коммуникация дәуірінде оған шабуыл жасап, елеусіз қалдыруға жол бермеген жөн»,- деді. Иран Президенті сөзінің жалғасында: «Шетелдегі ирандықтардың да ел ішіндегі ирандықтар сияқты құқықтары бар және үкіметтің оларға қатысты міндеттері мен жауапкершілігі бар. Шетелдегі ирандықтардың Иранның ішіндегі экономикалық және инвестиция салу белсенділігі бұрынғыдан да жеңілдетілуі керек»,- деп мәлімдеді.
Иран президенті кеше (дүйсенбі) Катар әмірінің ресми шақыруымен ОПЕК газ саммитіне қатысу үшін Дохаға аттанды.