Иран мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы артады
Иран-Қазақстан саудасы 3 миллиард долларға жетеді.
Иран Ауыл шаруашылығы министрі Теһранда өткен Иран мен Қазақстанның экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастығы ортақ комиссиясының отырысында: «Екі ел арасында стандарт пен кеден саласында қол қойылған келісімдер Иран мен Қазақстанның кейбір сауда мәселелерін жеңілдете алады»,- деді. Садати Нежад: «Қол жеткізілген келісімдер арқылы Иран мен Қазақстан арасындағы сауда алмасу деңгейі үш жылда үш миллиард долларға жетеді деп шешілді»,- деп қосты.
Теһранда өткен Экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 17-ші отырысында Иран Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстанның Қазақстанның сауда және интеграция министрі бес ынтымақтастық құжатына қол қойды.