Иран мен Қазақстан арасындағы өнеркәсіп, тау-кен және металлургия салаларындағы ынтымақтастықты дамыту қуатталды
(last modified Tue, 22 Feb 2022 11:59:03 GMT )
Ақп 22, 2022 17:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасындағы өнеркәсіп, тау-кен және металлургия салаларындағы ынтымақтастықты дамыту қуатталды

Қазақстанның Өнеркәсіп және инфрақұрылым министрінің орынбасары Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасарымен кездесіп, өнеркәсіп, тау-кен және металлургия салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишов Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Ваджихолла Джафаримен кездесті. Кездесу Иран Ислам Республикасы мен Қазақстанның сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының 17-ші отырысы аясында өтті. Кездесуде бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес инвесторлар геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген «Бөрлі» алаңын дамыту перспективалары қарастырылды. Қазіргі уақытта кен орны игеруге дайын және байыту зауытының құрылысы жүргізілуде. Қазақстандық тарап өз кезегінде тиісті инвестициялық келісімнің орындалуына кепілдік берді.

Тегтер