Рухани «Қоршаған орта, дін және мәдениет» атты халықаралық семинарда баяндама жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i5971-Рухани_Қоршаған_орта_дін_және_мәдениет_атты_халықаралық_семинарда_баяндама_жасады
ИИР президенті адамзат қоғамында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін жоғарылатуда діндердің рөлін ықпалды деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 23, 2016 21:10 Asia/Almaty
  • Рухани «Қоршаған орта, дін және мәдениет» атты халықаралық семинарда баяндама жасады

ИИР президенті адамзат қоғамында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін жоғарылатуда діндердің рөлін ықпалды деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда тұрақты даму үшін мәдениеттер арасындағы сұхбаттасуды жоғарылату мақсатында өткен «Қоршаған орта, дін және мәдениет» атты халықаралық екінші семинарда сөйлеген сөзінде: "Қоршаған орта барлық діндегілер арасында бірліктің факторы бола алады. Қоршаған ортаны қорғау үшін бірқалыптылық және табиғатпен қатынаста қатыгездік пен менмендіктен ада болудан басқа жол жоқ. Қоршаған ортаны қорғау баршаның адами, әлеуметтік, діни және мәдени маңызды міндеті болып табылады. Көмірсутек отындарын қолдану және әлемдегі толассыз соғыстар, әсіресе 17- 20 ғасырлар аралығындағы соғытар табиғатқа көп нұқсан келтірді" деді.

ИИР президенті барлық діндердің жерге қатысты адамның жауапкершілігі жөнінде пікірінің бір екендігіне сілтеме жасап: "Қоршаған орта, әлемдік бейбітшілік, әсірешілдік пен қатыгездікке тосқауыл қою және лаңкестікпен күрес барлық илаһи діндегілер арасындағы бірліктің факторы болып табылады.   Иран ислам республикасының әлем үшін үндеуі бірқалыптылық пен ұстамдылық болған. Иран әрдайым адамзатты құтқаратын жолды әсірешілдіктен аулақ болу мен ұстамдылық деп санайды" деді.