Иранның мұнайдан тыс саудасында рекорд тіркелді
(last modified 2022-03-28T21:42:07+00:00 )
Нау 29, 2022 03:42 Asia/Almaty
  • Иранның мұнайдан тыс саудасында рекорд тіркелді

Иран Кеден басқармасының басшысы: «2021 жылы Иран мұнайдан тыс сыртқы саудада әлем елдеріне 162 млн тонна тауар тасымалдап, 100 млрд долларлық рекорд тіркеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға артық»,-деді.

Соңғы жылдары АҚШ Иранға қарсы барынша қысым жасап, сыртқы саудада көп кедергілер тудырғанымен ИИР ішкі әлеуеттер мен өзінің аймақтағы геосаяси жағдайын пайдаланып, санкцияларды залалсыздандырып, экономикалық дамуда кедергілерді жоюға мүмкіндік жасады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен жылы (х.ш.ж.с.б. 1400 жыл) Наурыз мейрамына орай халыққа жолдауында: «Елдің жауапты басшылары, қазір билік басындағылар мен кейін келетіндерге айтар кеңесім: экономикалық мәселелерді шешуді санкциялардың жойылуымен байланыстырмаңыздар. Санкция қалады деп ойлаңыздар. Ел экономикасын санкциялар қалады деген негізде жоспарлаңыздар. Бағдарлама жасау керек. Күтіп отыруға болмайды»,-деп баса айтты.

Осы негізде Иранның он үшінші үкіметі 2021 жылы 3 тамызда іске кіріскелі бері ұлттық мүддені сақтай отырып, ел экономикасында көршілес елдермен қарым-қатынас жасау және көпқырлылықты сақтау саясатын ұстанып келеді. Теһран үкіметі тепе-теңдік сақтап, санкцияларды залалсыздандырып, елдің әсіресе Азия елдерімен сауда-экономикалық әріптестігін дамытуды көздеп отыр.

Иран Президенті Ибраһим Раисидің Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей мен Катарға сапарынан кейін осы көршілес елдермен жақсы әріптестік жасалып, Иранның мұнайдан тыс экспорты артты. Мысалы, х.ш.ж.с.б. 1400 жылдың 11 айында Иранның көршілес 15 елмен саудасы 46,2 млрд долларға жетті.  Ал 1399 жылы бұл көлем 32,4 млрд долларды құраған. Яғни өткен жылғы көрсеткіш 14 млрд долларға артық.  

Дұшпанның қаржы айналымында тудырған кедергілері мен санкцияларына қарамастан экспорттан түскен табыстың 73 пайызы түрлі жолдармен Иранға жеткізілді. Иран Мұнай министрі Джавад Оуджи санкция кезінде мұнай өнеркәсібінде экспорттан түскен табыста рекордтық көрсеткіш тіркелгенін хабарлады.

Сондай-ақ, соңғы айларда Иранның 6 сауда орталығы Түркия, Армения, БАӘ, Пәкістан, Сирия мен Қытайда ашылды. Басқа бірнеше елде Иран сауда орталықтарын ашу күн тәртібіне қойылған.  

The New Yorker газеті осыдан біраз бұрын АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі бір қызметкерге сілтеме жасап: «Санкция сияқты таңдау жолдары ескірді. Санкциялар біз күткендей нәтиже бермеді»,-деп жазды. 

Тегтер