Теһран жұма намазының имамы: Атом өнеркәсібі – Иран халқының діни және заңды құқығы
Теһран жұма намазының имамы атом өнеркәсібінің Иран халқының діни және заңды құқығы екенін қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Казем Седиқи Теһран университетіндегі жұма намазындағы уағыздарында Ұлттық ядролық технология күніне сілтеме жасап: «Атом энергиясы бүгінде медицина, фармакология және суды тұзсыздандыру тұрғысынан әлемнің қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Иран халқы бұл салаға мұқтаж, сондықтан бұл салаға ие болу Иран халқының діни құқығы»,- деді. Теһран жұма намазының имамы сөзінің жалғасында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздерін жалғастыру мәселесінде діни басшы басқа тарапқа сенімсіздік танытып, қажетті кепілдіктер мен тексеру қажеттігін атап көрсетеді. Үкімет санкцияларды толығымен және абсолютті алып тастауға және санкцияларды бейтараптандыруға талпынуда»,- деп мәлімдеді.