ИИР Президентінің қатысуымен 9 ядролық жетістіктің тұсаукесер рәсімі өтті
Ұлттық ядролық технология күнімен тұспа-тұс ИИР Президенті Атом Қуаты ұлттық ұйымының көрмесіне қатысып, ирандық ғалымдардың бейбіт мақсаттағы ядролық жұмыстар саласындағы жаңа жетістіктерін таныстырды.
2006 жылдың осы күні ирандық ғалымдар зертханалық масштабта ядролық отынның толық циклін шығаруға қол жеткізді. ИИР Президенті ядролық жетістіктер көрмесіне қатысып, тоғыз жаңа ядролық жетістікті таныстырды және соңғы жылдардағы Ислам Республикасының басқа да ғылыми және бейбіт жетістіктерін, соның ішінде Иранда жасалған центрифугалардың әртүрлі буындарын аралады. ИИР Президенті ирандық жастар мен ғалымдардың ядролық саладағы ілгерілеуіне ризалығын білдіріп, оларды өз-өзіне сенімділік пен ішкі қуатқа сүйенудің символы деп атады. Раиси Иранның ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланудағы заңды құқығына тоқталып, Ислам республикасының ядролық энергия саласындағы ядролық білімі мен технологиясын қайтымсыз деп атап: «Қуанарлығы, ғалымдардың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқын алып, үкімет бұл процесті қолдайды»,- деді.