Қазақстанда Иранның экспорттық мүмкіндіктеріне арналған халықаралық көрме өтеді
(last modified Fri, 22 Apr 2022 08:46:13 GMT )
Сәу 22, 2022 14:46 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Иранның экспорттық мүмкіндіктеріне арналған халықаралық көрме өтеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық дипломатия істері жөніндегі орынбасары Алматыда Иранның экспорттық мүмкіндіктеріне арналған халықаралық көрменің өтетінін хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мәһди Сафари Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен қарым-қатынаста айтарлықтай сауда әлеуеті бар екеніне тоқталып, бұл экономикалық шараға қатысуды Иранның экономикалық субъектілері үшін маңызды деп атап: «Бұл көрме Орталық Азиядағы ИИР-на арналған ең ірі сауда көрме болады. Бұл көрме Иранның Сауданы дамыту ұйымының ресми рұқсатымен және Иран-Қазақстан ортақ палатасының ынтымақтастығымен, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары, Иран Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасы, Қазақстандағы ИИР Елшілігі мен Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен  қаласында 1-3 шілдеде   өтеді»,- деді.

 

Тегтер