Сәу 22, 2022 17:37 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Құдс күні шеруі дұшпандарды ашуландырады

Теһран жұма намазының имамы Иран халқының Құдс күні шеруіне қатысу қажеттігін қуаттап: «Құдс күні шеруі дұшпандарды ашуландырады»,- деді.

 

Аятолла Сейед Ахмад Хатами Дүниежүзілік Құдс күні және осы күнгі шерудің қарсаңында: «Келесі аптада коронавирус пандемиясына байланысты екі жыл үзілістен кейін өткізілетін  Әл-Құдс күні шеруі – сөзсіз сауапты іс және Аллаға ұнамды қадам»,- деп мәлімдеді.  Теһран жұма намазының имамы дұшпанды ашуландыратын әрбір қадамның сауапты іс  және  Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің  ерекше маңызға ие екеніне тоқталып: «Әл-Ақса мешітінің еврейлендіру және палестиналықтарды әлем мұсылмандарының бірінші құбыласынан қуып, олардың орнына қоныстанушыларды алмастыру үлкен қастандық және Халықаралық Құдс күні «Израильге өлім» ұраны болуы керек»,- деді.  Теһран жұма намазының имамы Ауғанстандағы соңғы оқиғаларға қатысты: «Бұл елдегі лаңкестік жарылыстар өте ауыр және бұл ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Талибан уақытша үкіметінің міндеті»,-деді.

 

Тегтер