Ислами: Иран неонатальді скрининг құралын жасау бойынша үздік бес елдің қатарына қосылды
https://itolqyn.com/news/iran-i60944
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «ИИР жаңа туған нәрестелердің метаболикалық ауруларын анықтауға арналған скринингтік жинақтар өндіру тұрғысынан әлем бойынша үздік бес елдің қатарында»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 11, 2022 01:41 Asia/Almaty
  • Ислами: Иран неонатальді скрининг құралын жасау бойынша үздік бес елдің қатарына қосылды

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «ИИР жаңа туған нәрестелердің метаболикалық ауруларын анықтауға арналған скринингтік жинақтар өндіру тұрғысынан әлем бойынша үздік бес елдің қатарында»,-деді.

Скринингтік жинақтарды қолдану арқылы жаңа туған нәрестелерде болатын 50-ге жуық ауру түрін анықтап, жылдам емдеуге кірісуге болады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами сейсенбі күні жаңа туған нәрестелердің метаболикалық ауруларын анықтауға арналған скринингтік жинақтар өндіру жобасын іске қосу рәсімінде: «Жас ғалымдардың талпынысы арқасында Атом қуаты ұйымы мен Орталық облысындағы «Азат» университетінің Технологиялық даму орталығының қатысуымен Иран молекулалық инженерия үдерісінде ауыр су өндіруді жалғастыру барысында оттегі изотопына (18) қол жеткізді»,-деді.

Ислами: «Неонатальді скринингтік жинақтар – елге қажетті заттардың бірі. Қазір әлем бойынша екі-үш елде ғана аталмыш жинақтар бар. Олар басқа елдерге оны шектеулі көлемде береді»,-деді.