Мохбер: Иран мен Қазақстан арасында әріптестікті кеңейтуге шынайы да мықты ерік-жігер бар
(last modified Sun, 22 May 2022 14:38:58 GMT )
Maм 22, 2022 20:38 Asia/Almaty
  • Мохбер: Иран мен Қазақстан арасында әріптестікті кеңейтуге шынайы да мықты ерік-жігер бар

ИИР Вице-президенті Қазақстаның Сауда және интеграция министрімен кездесуінде: "Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың артуы өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін шынайы да мықты ерік-жігер бар екенін көрсетеді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Мохбер жексенбі күні Қазақстаның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен кездесуінде екі елдің әріптестігін тереңдету жолындағы қиындықтар мен кедергілерді тез арада жою керегін айтып: "Иран мен Қазақстанның жеке сектор белсенділері мен саудагерлерінің әріптестігі екі елдің сауда айналымы көлемін ұлғайтуда түбегейлі рөл ойнай алады",-деді.

Қазақстаның Сауда және интеграция министрі де осы кездесуде Иран үкіметінің көршілес елдермен тату қатынасты кеңейтуге негізделген сыртқы саясатын қолдап: "Саяси-экономикалық қарым-қатынасты дамыту және сондай-ақ екі ел арасында биылғы жылдың алғашқы кварталында сауда көлемінің артуы екі ел мақсаттары мен стратегияларының өзара үйлесетінін көрсетеді",-деді.   

Тегтер