Маусым 03, 2022 18:46 Asia/Almaty
  • Иран коронавирусқа қарсы вакцинаны Кенияға жіберуге дайын

Иран Сыртқы істер министрі кениялық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде елінің Кенияға гуманитарлық гуманитарлық көмек, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина жіберуге дайын екенін мәлімдеді.

 

Иран Сыртқы істер министрі кениялық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде елінің Кенияға гуманитарлық гуманитарлық көмек, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина жіберуге дайын екенін мәлімдеді.

Африка елдерімен қарым-қатынасты кеңейту бұрын да Иран Ислам Республикасы үкіметінің басымдылықтарының бірі болды және әлі де шындап қолға алынуда.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир-Абдоллахиан екі ел арасындағы ортақ комиссия өткізу үдерісіндегі ілгерілеушілікке тоқталып, Африка елдерімен, әсіресе Кениямен қарым-қатынастардың маңыздылығына, сондай-ақ Иран   мен Кения арасында лаңкестік пен қарақшылық сияқты халықаралық аренадағы кейбір ортақ қауіп-қатерлерге қатысты келісімнің қажет екендігіне   тоқталды.

Осы телефон сұхбатында Райчеллом Омамо  ханым Иранның маңызды ұстанымына тоқталып, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға шақырыа,   екі елдің бірлескен комиссиясының алдағы отырыстарына сілтеме жасап,  комиссияның өткізілуі  Иран-Кения қарым-қатынастарының одан әрі дамуы мен кеңеюіне әкелетініне  үміт білдірді.

 

Тегтер