Теһран жұма намазының имамы: Иран зорлық-зомбылыққа бағынбайды
Маусым 17, 2022 19:44 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының имамы: «ИИР санкцияларды алып тастау келіссөздерді ғиззат тұрғысынан қарастырады және зорлық-зомбылыққа бағынбайды»,- деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад-Джавад Хадж Алиакбари үкіметтің белсенді аймақтық дипломатиясын жоғары бағалап: «Үкімет уәде еткенін және Ислам революциясы жетекшісінің қалағанын орындады»,- деді. Теһран жұма намазының имамы санкцияларды алып тастау келіссөздер туралы: «Артық талап етушілердің алдында ғиззат және қисынды ұстаным көрсетіп, келіссөздерді әділетті түрде жүргіземіз және ешбір жағдайда зорлық-зомбылыққа бағынбаймыз»,- деп айтты.
Тегтер