Раиси Қазақстан Президентін ресми қарсы алды
(last modified Sun, 19 Jun 2022 11:20:49 GMT )
Маусым 19, 2022 17:20 Asia/Almaty

Иран Президентінің Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рəсімі "Саадабад" тарихи-мəдени кешенінде өтті.

Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні "Саадабад" тарихи-мəдени кешенінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды.

Бұл рəсімде Иран мен Қазақстанның ұлттық əнұрандары шырқалғаннан кейін екі елдің басшылары Құрмет қарауылы бастығынан рапорт қабылдап, бір-біріне жоғары мəртебелі делегация құрамын таныстырды.

Қазақстан Президентінің Теһранға біркүндік сапарында Иран Президентімен кездесіп, сұхбаттасу, екі елдің жоғары мəртебелі делегацияларының ортақ отырысын өткізу, бірнеше ынтымақтастық құжаты мен меморандумдарға қол қою жоспарланған.