Шамхани Арменияға барады
Шіл 06, 2022 15:34 Asia/Almaty
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Армения билігімен кездесіп, кеңесу үшін Ереванға барады.
Адмирал Әли Шамхани Кавказ аймағы елдеріне жоспарлаған сапары аясында Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорианның ресми шақыруымен ертең, бейсенбі күні Ереванға барады.
Шамхани осы сапарында армяндық әріптесімен кездесіп, сұхбаттасуымен қатар Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесіп, сондай-ақ екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылайды. Адмирал Шамхани Армениядан кейін Кавказ аймағындағы кейбір басқа елдерге де барады.
Тегтер