Шіл 08, 2022 15:48 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Күрдістанының халқы бай мәдениет пен өркениетке ие жалынды халық

ИИР Президенті Күрдістан халқын мәдениеті мен өркениетін бай, өте ынталы халық деп сипаттады.

Бүгін,  жұма күні Иран Президенті Ибрахим Раиси 27-ші облыстық сапарымен министрлер мен үкімет делегациясының мүшелерімен бірге елдің батысындағы Күрдістан облысына барды. Раиси: «Ирандағы Күрдістан мәдениеті мен өркениетіне ие облыс ретінде танымал және бұл облыстың барлық жерінде мәдениеттілік пен мақтанарлық тарихи негіз бар»,- деді. ИИР Президенті Күрдістан облысының ең маңызды әлеуеті тиімді, жас және білімді адам күші екеніне тоқталып: «Иранның Күрдістан облысының егіншілік пен мал шаруашылығы, туризм және кен өндіру салаларында көптеген мүмкіндіктері бар»,- деді.

 

Тегтер