Раиси Байденнің аймаққа сапарымен бір мезгілде АҚШ-қа ескерту жасады
ИИР Президенті Иранның өзінің заңды және қисынды ұстанымдарынан қайтпайтынын және ешкімнің Иран халқымен күш тілімен сөйлесуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді.
«Америкалықтар «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуы керек» дейді. Ислам Республикасы бұл келісімнен ешқашан шыққан жоқ және оны бұзған АҚШ-тың өзі»,- деді. Иран Ислам Республикасы Президентінің бұл мәлімдемелері АҚШ президенті Джо Байденнің аймаққа сапарымен бір мезгілде жасалды. Байден сәрсенбі күні басып алынған жерлерге кірді және сионистік билік пен Палестина автономиялық құрылымы басшыларымен кездескеннен кейін Сауд Арабиясына аттанады деп жоспарлануда. Байден сондай-ақ Джидда қаласында Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі (Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Оман) және Ирак, Иордания және Мысыр басшыларының кездесуіне қатысады. Кейбір араб режимдерін сионистік режимге жақындату аймақтағы иранофобияның күшеюімен бір мезгілде мұнай экспортын арттыру саласындағы ынтымақтастық үшін Арабстанның пікірін тарту Байденнің аймаққа сапарының мақсаттарынан болып табылады. Осыған байланысты Джо Байден «Вашингтон пост» газетіне: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ядролық келісіміне оралмайынша Вашингтонның экономикалық және дипломатиялық қысымы жалғасады»,- деп жариялады. Ақ үй шенеуніктерінің Иранды айыптауы ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан ешқашан шықпаған жағдайда жасалуда. 2018 жылдың 8 мамырында бұл келісімнен біржақты түрде шыққан АҚШ болды. Дональд Трамп үкімметінің бұл шешімінің сынға түскеніне қарамастан, Байден үкіметі іс жүзінде Иранға қарсы бұрынғы саясат пен мейілінше қысымды жалғастырды. Иранға қарсы санкцияларды қолдануды жалғасуы және АҚШ-тың келіссөздерге кедергі тудыруы мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс талаптары Вашингтон үкіметінің осы елдің бұрынғы үкіметінің сәтсіз саясаттарын ұстануын көрсетеді. Осы кезде Байденнің аймақтық сапарымен бірге АҚШ билігі Ираннан үркіту мен қоқан-лоққы саясатын күшейтті. Оның мақсаттарының бірі сионистік режимге қолдау көрсету және осы режимнің қазіргі саяси, қауіпсіздік және әлеуметтік дағдарыстардан шығуына көмектесу.
Иран Президенті бұл туралы: «АҚШ басшыларының аймақ елдеріне сапарлары сионистік режимнің ұстанымын нығайту және осы режимнің кейбір елдермен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру болса, олардың талпыныстары ешбір жағдайда сионистер үшін қауіпсіздік тудырмайды»,- деді.
Осы арада аймақ елдерінің ортақ қорғаныс жүйесі мен Иранға қарсы коалиция құру мәселесі Байденнің сапарының тағы бір мақсаты екені айтылады. Сонымен қатар сионистік режим де лазерлік қорғаныс сияқты әскери жоспарлары үшін АҚШ үкіметінің қолдауын алуға тырысты. Негізінде аймақтағы ортақ қорғаныс жүйесі мәселесі осы режимнің пікірі мен жасырын нұсқауымен жалғасуда. Бұл мәселенің қыр-сырын анықтау үшін уақыт қажет болғанымен, Иордания королі Абдолла II аймақтағы қандай да бір ұжымдық әрекетке күмән келтіріп: «Коалициялардың табиғаты мен негізгі миссиясы анық болмаса, коалиция мәселесі шиелі мәселе»,- деді.
Иран Ислам Республикасының көзқарасы бойынша мұндай жоспарлар аймақтағы шиеленіс пен тұрақсыздықтың күшеюіне әкеледі және сионистік режим үшін қауіпсіздік тудырмайды. Иран Президенті сондай-ақ елдің аумақтық тұтастығына қарсы ең кішкентай қадам жасалса, Иранның қатаң жауап қайтаратынын қуаттады.