Иран Президенті: Бүгінде исламдық Иран бұрынғыдан да күшті
(last modified Fri, 15 Jul 2022 10:35:43 GMT )
Шіл 15, 2022 16:35 Asia/Almaty

ИИР Президенті исламдық Иранның бүгін бұрынғыдан да күшті екенін қуаттады.

Иран Президенті Ибрахим Раиси кеше, бейсенбі Керманшах қаласындағы Имам Хомейни (р.а.) атындағы спорт сарайында  Керманшах халқымен кездесуінде АҚШ мен оның одақтастарының аймақтағы араласуын тынышсыздықтардың себебі деп айтып: «Аймақтың мұсылман халықтары АҚШ пен  оның одақтастарының  қорлайтын қарым-қатынастарын жек көреді»,- деді. Раиси сөзінің жалғасында: «Сионистік режим еш нәрсеге көзін тікпеуі керектігін , сондай-ақ АҚШ пен оның одақтастары Иранның ұлы халқының аймақтағы ешбір қауіптілік пен дағдарысты қабылдамайтынын білуі керек»,- деп мәлімдеді.