Шіл 16, 2022 16:08 Asia/Almaty
  • Иранның әйелдер ұлттық волейбол командасы Болгарияны жеңді

Иранның әйелдер ұлттық волейбол командасы Болгария құрамасымен екінші рет кездесіп, бұл команданы 3-0 есебімен жеңді.

Өткен аптадан бері Болгарияда дайындық және шетелдегі лагерін бастаған Иранның әйелдер ұлттық волейбол командасы Болгария жастар құрамасын екінші рет жеңіп шықты. Бұл кездесуде Иранның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы 25:15, 25:16 және 25:19 нәтижелерімен ойынды өз пайдасына аяқтады. Иран мен Болгария арасындағы алғашқы дайындық матчында Иран ұлттық құрамасы 3-0 есебімен қарсыласын жеңді. Иранның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы Азия конфедерация кубогы мен Ислам ынтымақтастығы ойындарына лайықты қатысуға дайындалып, осы жарыстарға дайындық үшін 7 жаттығу жиынын өткізді.

Тегтер